Ә. Файзуллаұлы «Үй таңдаған лақ»

Ә. Файзуллаұлының «Үй таңдаған лақ» ертегісі кішкентай лақтың өзіне қолайлы әрі қауіпсіз үй іздеуін баяндайды. Шығармада лақтың түрлі жануарлармен кездесуі және олардың кеңестерін тыңдауы арқылы ақылдылық, сақтық және дұрыс таңдау жасау сияқты қасиеттер дәріптеледі. Ертегі балаларды ойланып әрекет етуге, қауіпсіздікті сақтауға және үлкендердің ақылын тыңдауға тәрбиелейді. Қоюшы режиссеры: М. Малдыбаева Қоюшы суретшісі: Г. Бабаева Музыкамен […]
М. Малдыбаева «Тазша бала – Наурыз»

«Тазша бала – Наурыз» – Ұлыстың ұлы күніне арналған музыкалық-танымдық сахналық қойылым. Шығармада қазақтың дәстүрлі кейіпкерлері арқылы ауыл тұрғындарының Наурызға дайындығы бейнеленеді. Сараң бай мен Мыстан кемпірдің кедергілеріне қарамастан, Тазша бала өзінің тапқырлығының арқасында қиындықтарды жеңіп, көктемнің келуіне жол ашады. Қойылым барысында балалар ұлттық ойындар мен шығармашылық әрекеттер арқылы Наурыз туралы білімдерін көрсетеді. Соңында […]
М.Малдыбаева «Жаңа жыл – жаңа нұр!»

«Жаңа жыл – жаңа нұр!» — балаларды ертегі әлеміне жетелейтін мерекелік ертеңгілік қойылым. Бағдарламада ән, би, ойындар мен флешмобтар арқылы көтеріңкі көңіл-күй қалыптасады. Қойылым барысында Қасқырлар мен Мыстан кемпір пайда болып, бастапқыда кедергі келтіргенімен, кейін балалармен бірге мерекеге атсалысады. Ұлттық ойындар арқылы балалардың ептілігі мен ұйымшылдығы дамиды. Ең әсерлі сәт — Аяз ата мен Ақшақардың […]
Б.Вегенаст “Қасқыр болғым келеді”

Б.Вегенаст “Қасқыр болғым келеді” Бұл туынды – өзін-өзі тану мен армандарға ұмтылу жайлы әсерлі ертегі. Басты кейіпкер кішкентай қошқар өзге жануарлардан ерекше болуды армандайды, қасқырдай еркін де күшті болғысы келеді. Бірақ шынайы батылдық – өзіңнің болмысыңды қабылдап, жүрегіңнің тазалығымен ерекшелене білуде екенін түсінеді. Қойылым балаларды өз-өзіне сенуге, мейірімділікке және достыққа тәрбиелейді. Қойылым барысында көрермендер қошқардың […]
Виктор Орлов «Мейірбан қасқыр»

Виктор Орловтың «Мейірбан қасқыр» атты ертегісі қызықты әрі тәрбиелік мәні зор оқиғаға құрылған. Шығармада қу Түлкі мен көкбөрі Қасқыр Шұбар тауықтың алтын жұмыртқасын ұрлап алып, одан күн сайын алтын жұмыртқа табатын тауық шығады деп үміттенеді. Осылайша олар тез байып кетуді армандайды. Алайда жұмыртқадан тауық емес, қораз пайда болады. Түлкінің барлық жоспарлары жүзеге аспай қалады. Ал […]
Д. Смирнов «Кірпітайдың тоны»

Д. Смирновтың «Кірпітайдың тоны» атты танымдық ертегісі орман тіршілігіндегі жануарлар арасындағы мейірімділік пен өзара көмекті бейнелейді. Оқиға мейірімді Кірпінің Қоянды қорғау мақсатында өзіне табиғатынан берілген тікенекті тонын сыйға тартуынан басталады. Кейін бұл тон Қояннан Түлкіге, Түлкіден Қасқырға, Қасқырдан Аюға ауысып, уақыт өте келе әбден тозып, жарамсыз күйге түседі. Мұны көрген Кірпі қатты қапаланады. Алайда ертегіші […]
Н. Брошенко «Цитрустар оқиғасы»

Н. Брошенконың «Цитрустар оқиғасы» атты ертегісі мектеп жасына дейінгі балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған танымдық әрі интерактивті қойылым болып табылады. Шығарма ойын түрінде ұйымдастырылып, балалардың қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруды көздейді. Оқиға салауатты өмір салтын ұстанатын Цитрус елінде өрбиді. Алайда бұл тыныш өмірге кенеттен зең пайда болып, тұрғындарды жұқтыра бастайды. Кейіпкерлер бірлесе отырып, […]
С. Мергенбайқызы «Бағдаршамдар елі»

С. Мергенбайқызының «Бағдаршамдар елі» атты танымдық ертегісі балаларға жол қозғалысы ережелерін үйретуге бағытталған маңызды тәрбиелік қойылым. Шығармада бала өмірі мен денсаулығы қоғам үшін ең басты құндылық екені айқын көрсетіледі. Қойылымның негізгі мақсаты – балаларға жолда жүру ережелерін дұрыс түсіндіріп, оларды күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сонымен қатар, балаларды жауапкершілікке, сергектікке тәрбиелеу, жол белгілерін есте сақтауға […]
М. Машаду «Бразилия байлығы»

М. Машадудың «Бразилия байлығы» атты ертегісі көрерменді жұмбаққа толы қызықты оқиғаға жетелейді. Шығармада Бразилияның шынайы байлығының не екені туралы сұрақ қойылады: ол алтын ба, әлде асыл тастар ма? Алайда ертегі бұл түсініктерден әлдеқайда терең мағынаға ие ерекше құпияны ашады. Спектакль барысында көрермен бағбаншы, Манеку, Люсия, Гаспар, Флора, Симон және Хамелеон сияқты кейіпкерлермен танысып, олардың әрқайсысының […]