«Тазша бала – Наурыз» – Ұлыстың ұлы күніне арналған музыкалық-танымдық сахналық қойылым. Шығармада қазақтың дәстүрлі кейіпкерлері арқылы ауыл тұрғындарының Наурызға дайындығы бейнеленеді. Сараң бай мен Мыстан кемпірдің кедергілеріне қарамастан, Тазша бала өзінің тапқырлығының арқасында қиындықтарды жеңіп, көктемнің келуіне жол ашады.
Қойылым барысында балалар ұлттық ойындар мен шығармашылық әрекеттер арқылы Наурыз туралы білімдерін көрсетеді. Соңында бірлік, жомарттық пен мейірімділік идеялары дәріптеліп, Қыдыр ата бата береді.
Қойылымның мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, балаларды бірлікке, татулыққа және шығармашылыққа баулу.
Авторы: М. Малдыбаева
Қоюшы режиссеры: М. Малдыбаева
Қоюшы суретшісі: Г. Бабаева
Музыкамен көркемдеуші: А. Апеков


