Сардарбек Жайлауханович Молдабеков 1979 жылы 17 наурызда Түркістан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген.
1998-2002 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Музыка және ән айту» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
2009-2012 жылдар аралығында Шымкент әлеуметтік – педагогикалық университетінің «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы ОҚО Мәдениет басқармасының «Халық шығармашылығы мен мәдениет орталығы» МКҚК әдіскері лауазымынан бастаған.
2004-2007 жылдар аралығында ОҚО Мәдениет басқармасының Мәдениет және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, «Өнер» бөлімінің бастығы.
2009 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат»бөлімінің бастығы.
2009-2010 жылдар аралығында Шымкент қаласы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің бастығы.
2010-2012 жылдар аралығында ОҚО Ішкі саясат басқармасының «Жастар орталығы» МКМ «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің бастығы.
2012-2015 жылдар аралығында ОҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Әкімшілік және ақпараттық-талдау» бөлімінің басшысы.
2015 жылы ОҚО Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы.
2015-2016 жылдар аралығында ОҚО Мәдениет басқармасының «Түркістан сарайы» МКҚК директоры.
2021-2022 жылдар аралығында Түркістан облыстық «Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы» КММ директоры.
2022-2023 жылдар аралығында Түркістан облыстық «Тарихи- өлкетану музейі» МКҚК директоры.
2024 жылдың қазан айынан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК директор қызметін атқарып келеді.
2022 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.