М. Машадудың «Бразилия байлығы» атты ертегісі көрерменді жұмбаққа толы қызықты оқиғаға жетелейді. Шығармада Бразилияның шынайы байлығының не екені туралы сұрақ қойылады: ол алтын ба, әлде асыл тастар ма? Алайда ертегі бұл түсініктерден әлдеқайда терең мағынаға ие ерекше құпияны ашады.
Спектакль барысында көрермен бағбаншы, Манеку, Люсия, Гаспар, Флора, Симон және Хамелеон сияқты кейіпкерлермен танысып, олардың әрқайсысының шынайы болмысын тануға мүмкіндік алады. Оқиға желісі арқылы балалар достықтың қадірін түсініп, жақсылық пен жамандықты ажыратуды үйренеді, сондай-ақ жұмбақ кейіпкердің кім екенін анықтайды.
Бұл қойылым балаларды ойлануға, қиялдауға және айналасындағы әлемді тереңірек түсінуге баулиды.
Авторы: М. Машаду
Режиссер: Б. Ербатша
Суретші: Е. Айдаров



