Қалмахан Мейрбек Нұрланұлы

Қалмахан  Мейрбек Нұрланұлы 2004 жылы 29 маусымда Сайрам ауданы, Шапырашты ауылында дүниеге келген. 2021-2025  жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Режиссура» білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавр дәрежесімен тәмәмдаған. 2025 жылдан қазан айынан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК әртісі.

Таскулова Индира Сарсенбайқызы

Таскулова  Индира Сарсенбайқызы 2001 жылы 13 желтоқсанда Өзбекстан республикасы, Ташкент облысы, Шыршық ауданы, Жұмағұл ауылында дүниеге келген. 2021-2025 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Театр қойылымдарының технологиясы және продюсерлеу» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавр дәрежесімен тәмәмдаған. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап  «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК әртісі.

Мансур Дулат Жанболатұлы

Мансур  Дулат  Жанболатұлы 2003 жылы 21 қазанда Төлеби ауданы, Көксәйек ауылында дүниеге келген. 2021-2025 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Режиссура» білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавр дәрежесімен бітіріп шыққан. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап   «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК әртісі.

Шамбилова Анна Сергеевна

Шамбилова Анна Сергеевна 1984 жылы 11 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2009-2013 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мәдени ағарту жұмысы»  мамандығы бойынша  бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан орыс драм театрында әртіс мамандығы бойынша бастаған. 2024 жылдың қаңтар айынан «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК бірінші дәрежелі әртісі.

Рустембеков Нуржан Мусарепулы

Рустембеков  Нұржан Мусарепұлы 1977 жылы 28 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылында дүниеге келген. 1994- 1998 жылдар аралығында  Шымкент педагогикалық  мәдениет институтын «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша  бітірген. 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының әртісі қызметіне қабылданып,  2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК жоғары дәрежелі әртісі.

Тикаев Сабит Джайдарбекович

Тикаев  Сәбит  Джайдарбекович  1970  жылы  25  қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы  Забадам  ауылында  туылған. 1992-1996 жылдар аралығында Шымкент музыка колледжінің оқытушы ансамбль әртісі мамандығын бітірген. 2004-2009 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Режиссура» мамандығын бітірді. 1997 жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  қуыршақ  театрының әртісі қызметіне қабылданып, 2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК жоғары дәрежелі […]

Омарова Анар Орынәліқызы

Омарова Анар Орыналықызы 1990 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Дермене ауылында дүниеге келген. 2008–2012 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша  бітірген. Мәдениет саласындағы қызметін 2012 жылы ОҚО Әзіл-сықақ және сатира театрының әдебиет бөлімінен бастаған. 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының әртіс қызметіне қабылданып, 2018  […]

Крюкова Татьяна Николаевна

Крюкова Татьяна Николаевна   1966  жылы  12 қазанда  Шымкент  қаласында  дүниеге  келген. 1988-1991 жылдар аралығында М.Уйғыр атындағы Ташкент мемлекеттік өнер институтын қуыршақ театр әртісі мамандығы бойынша бітірген. 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан қуыршақ театрына әртіс қызметіне қабылданып, 2022  жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК жоғары дәрежелі әртісі. 2024 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Мусакулов Акберді Акимулы

Мусакулов   Ақберді Акимұлы   1993 жылы  7 желтоқсанда Қазақстан облысы,  Шардара  қаласында  дүниеге  келген. 2011-2015 жылдар аралығында  М.Әуезов  атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін  «Мәдени тынығу жұмысы»   мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  қуыршақ  театрының әртісі қызметіне қабылданып, 2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК жоғары дәрежелі әртісі.

Лушина Людмила Ивановна

Лушина Людмила Ивановна 1966 жылғы 21 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1984-1987 жылдар аралығында  Щучинск қаласындағы Педагогикалық техникумын бітірді. 2009-2012 жылдар аралығында Шымкент Университетін «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша сырттай оқып бітірген. 2004 жылдың қараша айынын бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының әртіс қызметіне қабылданып, 2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық театры» МКҚК бірінші дәрежелі әртісі.