Крюкова Татьяна Николаевна 1966 жылы 12 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген.
1988-1991 жылдар аралығында М.Уйғыр атындағы Ташкент мемлекеттік өнер институтын қуыршақ театр әртісі мамандығы бойынша бітірген.
1991 жылы Оңтүстік Қазақстан қуыршақ театрына әртіс қызметіне қабылданып, 2022 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК жоғары дәрежелі әртісі.
2024 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.