Тургунбек Санжар Сапарбекұлы

Тургунбек Санжар Сапарбекұлы 2003 жылы 27 желтоқсан айында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында  дүниеге келген. 2021 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне түсіп, 2025 жылы «Режиссура» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавр дәрежесін  алып шықты. 2025 жылдың қараша айынан бастап  «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК қоюшы режиссері  қызмет атқарады.

Бужбанова Айнур Балтабаевна

Бужбанова Айнур Балтабаевна 1980 жылғы 17 шілде айында Шымкент қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Шымкент қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филология факультетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2002–2004 жылдары Шымкент қаласындағы №56 орта мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2004–2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер […]

Шүкір Фәрзу Иззатуллаұлы

Шүкір Фәрзу Иззатуллаұлы 1997 жылы 8 сәуірде Түркістан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. 2017-2020 жылдары аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін « Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша  бітіріп шықты. 2023 жылы «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК инженер-бағдарламашы қызметіне қабылданып, 2025 жылдан бастап көркемдік-бутафор бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Амирсеитов Олжас Адильбекович

Амирсеитов Олжас Адильбекович 1988 жылы 12 қаңтарда  Шымкент қаласында дүниеге келген. 2005-2009 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Каспий қоғамдық университетін «Геология және пайдалы қазбалар, кенорындарын  барлау» мамандығы бойынша бітірген. 2009-2011 жылдар аралығында Халықаралық гуманитарлық -техникалық университетін  «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Мәдениет саласындағы қызметін 2014 жылы “Оңтүстік цирк” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында бастап, 2025 жылдан бастап «Шымкент […]

Қалмахан Мейрбек Нұрланұлы

Қалмахан  Мейрбек Нұрланұлы 2004 жылы 29 маусымда Сайрам ауданы, Шапырашты ауылында дүниеге келген. 2021-2025  жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Режиссура» білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавр дәрежесімен тәмәмдаған. 2025 жылдан қазан айынан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК әртісі.

Таскулова Индира Сарсенбайқызы

Таскулова  Индира Сарсенбайқызы 2001 жылы 13 желтоқсанда Өзбекстан республикасы, Ташкент облысы, Шыршық ауданы, Жұмағұл ауылында дүниеге келген. 2021-2025 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Театр қойылымдарының технологиясы және продюсерлеу» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавр дәрежесімен тәмәмдаған. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап  «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК әртісі.

Мансур Дулат Жанболатұлы

Мансур  Дулат  Жанболатұлы 2003 жылы 21 қазанда Төлеби ауданы, Көксәйек ауылында дүниеге келген. 2021-2025 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Режиссура» білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавр дәрежесімен бітіріп шыққан. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап   «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК әртісі.

Шамбилова Анна Сергеевна

Шамбилова Анна Сергеевна 1984 жылы 11 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2009-2013 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мәдени ағарту жұмысы»  мамандығы бойынша  бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан орыс драм театрында әртіс мамандығы бойынша бастаған. 2024 жылдың қаңтар айынан «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК бірінші дәрежелі әртісі.

Рустембеков Нуржан Мусарепулы

Рустембеков  Нұржан Мусарепұлы 1977 жылы 28 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылында дүниеге келген. 1994- 1998 жылдар аралығында  Шымкент педагогикалық  мәдениет институтын «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша  бітірген. 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының әртісі қызметіне қабылданып,  2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК жоғары дәрежелі әртісі.

Тикаев Сабит Джайдарбекович

Тикаев  Сәбит  Джайдарбекович  1970  жылы  25  қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы  Забадам  ауылында  туылған. 1992-1996 жылдар аралығында Шымкент музыка колледжінің оқытушы ансамбль әртісі мамандығын бітірген. 2004-2009 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Режиссура» мамандығын бітірді. 1997 жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  қуыршақ  театрының әртісі қызметіне қабылданып, 2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК жоғары дәрежелі […]