Бужбанова Айнур Балтабаевна

Бужбанова Айнур Балтабаевна 1980 жылғы 17 шілде айында Шымкент қаласында дүниеге келген.

2002 жылы Шымкент қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филология факультетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002–2004 жылдары Шымкент қаласындағы №56 орта мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2004–2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқарған.

Мәдениет саласындағы еңбек жолын 2024 жылы бастап, 2025 жылдың маусым айынан Шымкент қалалық қуыршақ театрының әдеби бөлім меңгерушісі лауазымында қызмет атқарып келеді.