М.Малдыбаева «Жаңа жыл – жаңа нұр!»

«Жаңа жыл – жаңа нұр!» — балаларды ертегі әлеміне жетелейтін мерекелік ертеңгілік  қойылым. Бағдарламада ән, би, ойындар мен флешмобтар арқылы көтеріңкі көңіл-күй қалыптасады.

Қойылым барысында Қасқырлар мен Мыстан кемпір пайда болып, бастапқыда кедергі келтіргенімен, кейін балалармен бірге мерекеге атсалысады. Ұлттық ойындар арқылы балалардың ептілігі мен ұйымшылдығы дамиды.

Ең әсерлі сәт — Аяз ата мен Ақшақардың келуі. Балалар өнер көрсетіп, жұмбақтар шешіп, мерекелік шараларға қатысады. Соңында Ескі жыл мен Жаңа жыл алмасып, ізгі тілектер айтылады.

Қойылымның мақсаты — балаларды достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.

Авторы:                                         М. Малдыбаева

Қоюшы режиссеры:                    М. Малдыбаева

Қоюшы суретшісі:                       Г. Бабаева

Музыкамен көркемдеуші:         А. Апеков