Турдалиев Ерғали Шеримбекович 1971 жылы 14 қыркүйекте Түлкібас ауданы, Колхоз Жамбыл ауылында дүниеге келген.
1991-1993 жылдар аралығында Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк өнері студиясы қуыршақ театры актері мамандығы бойынша бітірген.
2024 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Мәдени-тынығу жұмысы» бакалавр дәрежесімен бітіріп шыққан.
1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының әртісі қызметіне қабылданып, 2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК жоғары дәрежелі әртісі.
2025 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.