Қалмахан Мейрбек Нұрланұлы

Қалмахан Мейрбек Нұрланұлы 2004 жылы 29 маусымда Сайрам ауданы, Шапырашты ауылында дүниеге келген. 2021-2025 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Режиссура» білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавр дәрежесімен тәмәмдаған. 2025 жылдан қазан айынан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК әртісі.
Таскулова Индира Сарсенбайқызы

Таскулова Индира Сарсенбайқызы 2001 жылы 13 желтоқсанда Өзбекстан республикасы, Ташкент облысы, Шыршық ауданы, Жұмағұл ауылында дүниеге келген. 2021-2025 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Театр қойылымдарының технологиясы және продюсерлеу» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавр дәрежесімен тәмәмдаған. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК әртісі.
Мансур Дулат Жанболатұлы

Мансур Дулат Жанболатұлы 2003 жылы 21 қазанда Төлеби ауданы, Көксәйек ауылында дүниеге келген. 2021-2025 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Режиссура» білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавр дәрежесімен бітіріп шыққан. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК әртісі.