Шамбилова Анна Сергеевна

Шамбилова Анна Сергеевна 1984 жылы 11 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2009-2013 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мәдени ағарту жұмысы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан орыс драм театрында әртіс мамандығы бойынша бастаған. 2024 жылдың қаңтар айынан «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК бірінші дәрежелі әртісі.
Лушина Людмила Ивановна

Лушина Людмила Ивановна 1966 жылғы 21 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1984-1987 жылдар аралығында Щучинск қаласындағы Педагогикалық техникумын бітірді. 2009-2012 жылдар аралығында Шымкент Университетін «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша сырттай оқып бітірген. 2004 жылдың қараша айынын бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының әртіс қызметіне қабылданып, 2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық театры» МКҚК бірінші дәрежелі әртісі.