Тургунбек Санжар Сапарбекұлы

Тургунбек Санжар Сапарбекұлы 2003 жылы 27 желтоқсан айында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында  дүниеге келген. 2021 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне түсіп, 2025 жылы «Режиссура» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавр дәрежесін  алып шықты. 2025 жылдың қараша айынан бастап  «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК қоюшы режиссері  қызмет атқарады.