Малдыбаева Мақпал Назарбаевна 1973 жылы 14 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген.
1990-1995 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының театр бөлімі «Мәдени-ағарту қызметкері, театр ұжымының жетекшісі» мамандығын бітірген.
2004 жылы Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Өнер, режиссер» магистрін тәмәмдады.
1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының режиссер ассистенті қызметіне қабылданып, 2021 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК көркемдік жетекші қызметін атқарып келеді.
2023 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.