Қарғабаев Қайрат Жайлауұлы 1965 жылғы 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, 1 Мамыр ауылында дүниеге келген.
1987–1991 жж. — Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет педагогикалық институты, «Мәдени-ағарту жұмысы» мамандығы.
1986–1987 жж. — К. Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ музыкалық-драма театрында хор әртісі.
1991–1998 жж. — облыстық ғылыми-әдістемелік орталықта әдіскер, жетекші маман, бөлім басшысы, директордың орынбасары.
1998–2000 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Өнер ордасы» мемлекеттік мекемесінің көркемдік жетекшісі.
2000–2001 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы С. Сейфуллин атындағы Халықтар достығы үйінің жетекші маманы, көркемдік жетекшісі.
2001–2003 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының жастар ісі жөніндегі бас маманы.
2003–2007 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының өнер және тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы.
2009–2012 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және мәдениет бөлімі басшысы.
2012–2019 жж. — Шымкент қалалық сатира және әзіл-сықақ театрының директоры.
2019–2023 жж. — Ж. Шанин атындағы Шымкент академиялық театрының директоры.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Шымкент қалалық қуыршақ театры директорының орынбасары.
2011 ж. — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі.
2017 ж. — «Құрмет белгісі» медалі.
2019 ж. — «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі.