Бимуса Рано Сейтқызы 1970 жылы 12 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жамбыл елді мекенінде дүниеге келген.
1988 жылы Санкт-Петербургтың Н.К.Черкасов атындағы мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтына түсіп, 1992 жылы тәмәмдаған.
1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының әртісі қызметіне қабылданып, 2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК жоғары дәрежелі әртісі.
2014 жылы «Оңтүстік Қазақстан обылысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
2020 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.