С. Мергенбайқызының «Бағдаршамдар елі» атты танымдық ертегісі балаларға жол қозғалысы ережелерін үйретуге бағытталған маңызды тәрбиелік қойылым. Шығармада бала өмірі мен денсаулығы қоғам үшін ең басты құндылық екені айқын көрсетіледі.
Қойылымның негізгі мақсаты – балаларға жолда жүру ережелерін дұрыс түсіндіріп, оларды күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сонымен қатар, балаларды жауапкершілікке, сергектікке тәрбиелеу, жол белгілерін есте сақтауға баулу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру көзделеді.
Танымдық қойылым интерактивті ойындар арқылы жүзеге асып, балалардың қызығушылығын арттыра отырып, жол қауіпсіздігі ережелерін тиімді меңгеруге мүмкіндік береді.
Қоюшы режиссер: Жарас Исмаил
Қоюшы суретші: Еркебұлан Айдаров
Музыкалық көркемдеу: Амангелді Апеков



