Виктор Орлов «Мейірбан қасқыр»

Виктор Орловтың «Мейірбан қасқыр» атты ертегісі қызықты әрі тәрбиелік мәні зор оқиғаға құрылған. Шығармада қу Түлкі мен көкбөрі Қасқыр Шұбар тауықтың алтын жұмыртқасын ұрлап алып, одан күн сайын алтын жұмыртқа табатын тауық шығады деп үміттенеді. Осылайша олар тез байып кетуді армандайды. Алайда жұмыртқадан тауық емес, қораз пайда болады. Түлкінің барлық жоспарлары жүзеге аспай қалады. Ал […]