Амирсеитов Олжас Адильбекович 1988 жылы 12 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген.
2005-2009 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Каспий қоғамдық университетін «Геология және пайдалы қазбалар, кенорындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген.
2009-2011 жылдар аралығында Халықаралық гуманитарлық -техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Мәдениет саласындағы қызметін 2014 жылы “Оңтүстік цирк” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында бастап, 2025 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры” МКҚК көркемдік қою бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.