Омарова Анар Орыналықызы 1990 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Дермене ауылында дүниеге келген.
2008–2012 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірген.
Мәдениет саласындағы қызметін 2012 жылы ОҚО Әзіл-сықақ және сатира театрының әдебиет бөлімінен бастаған.
2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының әртіс қызметіне қабылданып, 2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК екінші дәрежелі әртісі.