Омирзакова Толкынай Аманбаевна 1969 жылы 13 мамырда Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Бескепе ауылында дүниеге келген.
1988-1991 жылдар аралығында Ташкент қаласындағы М.Ұйғыр атындағы өнер институтының қуыршақ бөлiмi мамандығын бітірген.
1991 жылы Оңтүстiк Қазақстан облыстық қуыршақ театрына әртіс қызметіне қабылданып, 2018 жылдан бастап «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК жоғары дәрежелі әртісі.
2016 жылы «Қазақстан констутциясына 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
2017 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2024 жылы «Қазақ театр өнеріне қосқан елеулі үлесі үшін» Ж. Шанин
атындағы медалімен марапатталды.