Уразбаева Рашида Сакеновна

Уразбаева Рашида Сакеновна 1966 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген.

1994 жылы  Әл-Фараби атындағы Шымкент педогогика мәдениет инситуты «Мәдени-ағарту қызметкері, мәдени-ағарту жұмысының ұйымдастырушы-методисі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Ақсу аудандық мәдениет бөлімінің қалалық мәдениет үйінің нұсқаушысы болып бастаған.

1994-1999 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Техникалық шығармашылық Республикалық мәдениет үйінің әдіскері.

2002 жылы тамыз айында Тараз облыстық халық шығармашылық орталығының әдіскері.

2002-2006 жылдар аралығында ҚР ҰҚК Әскери академиясының көркем әдебиет кітапханасының меңгерушісі.

2006 жылдың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының директордың орынбасары лауазымына тағайындалып, 2018 жылдан бастап  «Шымкент қалалық қуыршақ театры» МКҚК  директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары.

2014 жылы «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.