Д. Смирнов «Кірпітайдың тоны»

Д. Смирновтың «Кірпітайдың тоны» атты танымдық ертегісі орман тіршілігіндегі жануарлар арасындағы мейірімділік пен өзара көмекті бейнелейді. Оқиға мейірімді Кірпінің Қоянды қорғау мақсатында өзіне табиғатынан берілген тікенекті тонын сыйға тартуынан басталады. Кейін бұл тон Қояннан Түлкіге, Түлкіден Қасқырға, Қасқырдан Аюға ауысып, уақыт өте келе әбден тозып, жарамсыз күйге түседі. Мұны көрген Кірпі қатты қапаланады. Алайда ертегіші кейіпкердің көмегімен оның тоны қайта жаңартылып, оқиға жағымды шешіммен аяқталады.

Аталған ертегі балаларды мейірімділікке, сабырлыққа және адалдыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар, айналасындағыларға түсіністікпен қарауға, достықты қадірлеуге және берілген уәдеде тұруға үндейді.

Қоюшы режиссер: Мақпал Малдыбаева
Қоюшы суретші: Гуля Бабаева
Музыкалық көркемдеу: Амангелді Апеков